«Реал» Ибраима Конатенің трансферін жариялады

Фото: «Ливерпуль» ФК
Мадридтік «Реал» клубының баспасөз қызметі француз қорғаушысы Ибраима Конатенің еркін агент ретінде командаға ауысқанын жариялады.
Бұған дейін футболшы ағылшындық «Ливерпуль» сапында өнер көрсеткен. Конате корольдік клубпен 2030 жылдың маусым айының соңына дейін келісімшартқа қол қойды.
Еске сала кетейік, Конате клуб президенті Флорентино Перестің сайлау алды науқаны кезінде уәде етілген трансферлердің бірі болған. Перес 7 маусым, жексенбі күні қайтадан президент болып сайланды. Қазіргі уақытта Ибраима Конате 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысып жатқан Франция құрамасының сапында доп тебеді.
Айта кетейік, өткен маусымды мадридтік «Реал» Ла Лига турнирлік кестесінде екінші орында аяқтады. Испания чемпионы «Барселона» атанды.