«Страсбур» «Боруссиядан» Джованни Рейнаны трансферлеуге келісті
Бөлісу

«Боруссия» ФК
Франциялық «Страсбур» АҚШ құрамасының жартылай қорғаушысы Джованни Рейнаны қатарға қосуға жақын. Клуб футболшы үшін менхенгладбахтық «Боруссияға» шамамен 3 миллион еуро төлейді.
L’Équipe мәліметінше, «Страсбур» Рейнаның трансфері бойынша келісімді толық аяқтаған. Америкалық футболшы медициналық тексеруден өткеннен кейін бес жылдық келісімшартқа қол қояды.
Айта кетейік, Рейна өткен жылдың жазында дортмундтық «Боруссиядан» менхенгладбахтық клубқа ауысқан болатын. Өткен маусымда шабуылға бейім жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 20 матч өткізіп, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
АҚШ ұлттық құрамасы сапында Рейна 43 ойынға қатысып, 10 гол және 6 нәтижелі пас авторы атанды. Сондай-ақ ол 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты.