«Ливерпуль» Салахтың орнын басатын ойыншыны ПСЖ-дан тапты

Бегасыл Амирбай ··
ПСЖ

ПСЖ

«Ливерпуль» ПСЖ клубының вингері Ибрагим Мбайені өз қатарына қосуға ниетті. Англиялық клуб жуырда париждік командамен трансфер бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отыр.

RMC Sport мәліметінше, мерсисайдтықтар 18 жастағы футболшыны сатып алу ісін жеделдетіп, оны трансферлеуге ресми қызығушылық білдірген. Ал Мбайенің өзі де «Ливерпульге» ауысуға оң көзқарас танытып отыр. Келесі күндері ағылшын клубы ПСЖ-мен келіссөздерді бастайды деп күтілуде.

Париждік клуб өз академиясының ең талантты түлектерінің бірін 40–50 миллион еуро аралығында бағалап отыр. Сенегалдық вингерге «Астон Вилла», «Тоттенхэм» және «Манчестер Сити» клубтары да қызығушылық танытуда.

Өткен маусымда Ибрагим Мбайе барлық турнирде 42 матч өткізіп, төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Мохамед Салах кеткеннен кейін «Ливерпуль» шабуылдың оң қапталын күшейтетін жаңа ойыншы іздеуді жалғастырып келеді.