Басты бет
·
Хоккей

«Лос-Анджелес» «Бостонды» жеңіп, төрт матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ХК «Лос-Анджелес Кингз»

Фото: ХК «Лос-Анджелес Кингз»

«Лос-Анджелес Кингз» Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында «Бостон Брюинзді» 3:0 есебімен жеңді.

Бостонда өткен кездесуде қонақтар 16-минутта есеп ашты. Матс Цуккарелло Эрик Густафссон мен Брандт Кларктың нәтижелі пастарынан кейін шайба соқты.

Екінші кезеңде Андре Ли «Лос-Анджелестің» басымдығын арттырды. Ал 57-минутта Эрик Густафссон бос қақпаны дәл көздеп, матчтың қорытынды есебін тіркеді. Швециялық қорғаушы кездесуді екі ұпаймен (1+1) аяқтады.

«Лос-Анджелестің» қақпашысы Дарси Кемпер қарсыластың 29 соққысының барлығын қайтарып, ҰХЛ-дағы мансабында 40-рет қақпасына шайба жібермеді. Сондай-ақ үшінші кезеңде Морган Гикидің буллитін қайтарды.

Ал «Бостон» қақпашысы Майкл Дипьетро 19 сейв жасады.

Осылайша «Лос-Анджелес» қатарынан төрт жеңілістен кейін жеңіске жетсе, «Бостон» үшінші матчында қатарынан ұтылды.

ҰХЛ. Тұрақты чемпионат

«Бостон Брюинз» – «Лос-Анджелес Кингз» – 0:3

Шайбалар: Цуккарелло (16), Ли (37), Густафссон (57).

«Бостон» келесі кездесуін 20 қарашада «Детройт Ред Уингзге» қарсы өткізеді. Ал «Лос-Анджелес» 21 қарашада «Торонто Мэйпл Лифспен» кездеседі.