Лукаку «Наполиден» кетуге дайын: оған MLS пен Түркия клубтары қызығушылық танытуда
Бөлісу

Фото: RBFA
«Наполи» шабуылшысы Ромелу Лукаку жазғы трансферлік кезеңде команда ауыстыруы мүмкін.
Журналист Саша Тавольери мәліметінше, «Наполи» басшылығы бельгиялық футболшының болашағына қатысты ең тиімді шешімді іздеп жатыр. Лукакуға MLS-тегі «Атланта Юнайтед» қызығушылық танытуда. Сондай-ақ ойыншыға үміткерлер қатарында түркиялық «Фенербахче» мен «Бешикташ» клубтары бар.
Лукакудың «Наполимен» келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін есептелген. Өткен маусымда бельгиялық шабуылшы барлық турнирлерде 7 матч өткізіп, 1 гол соқты. Маусымның басым бөлігін ол жарақатына байланысты өткізіп алды.
2026 жылғы әлем чемпионатында Лукаку ұлттық құрама сапындағы голдарының санын 93-ке жеткізіп, Бельгия құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.