Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері қызметінде қала береді

Темирлан Мажекенов ··
«Манчестер Юнайтед» ФК

«Манчестер Юнайтед» ФК

Футбол инсайдері Фабрицио Романо ағылшын маманы Майкл Кэрриктің келесі маусымда да «Манчестер Юнайтед» бас бапкері қызметінде қалу мүмкіндігі жайлы пікір білдірді.

«Қызыл сойқандардың» бұрынғы жартылай қорғаушысы команданы биылғы жылдың қаңтар айында уақытша негізде тізгіндеген болатын.

«Енді мен Майкл Кэрриктің келесі маусымда “Манчестер Юнайтедтің” бас бапкері болып қалуы әбден мүмкін екенін растай аламын. Бұл шешім іс жүзінде қабылданды. Бірақ ресми түрде әлі бекітілуі керек. Өйткені соңғы шешім “МЮ”-дің тең құқықты иесі Джим Рэтклиффке байланысты», — деді Романо YouTube-арнасындағы шығарылымда.

Қазіргі таңда «Манчестер Юнайтед» Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.

Команданың еншісінде 36 турдан кейін 65 ұпай бар.

Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері қызметінде қала береді – sport-hub