Майкл Олисе ӘЧ турнирінің үздік ассистенті атанды
Бөлісу

Фото: FFF
Франция құрамасының шабуылшысы Майкл Олисе 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ассистенті атанды.
24 жастағы вингер турнир барысында Франция құрамасының барлық сегіз матчына қатысты. Осы уақыт ішінде ол жеті нәтижелі пас беріп, оның бесеуін шабуылшы Килиан Мбаппе голға айналдырды. Айта кетейік, Мбаппе бұл чемпионаттың үздік сұрмергені атанды.
Бұл көрсеткіш әлем чемпионаттары тарихындағы рекорд болды. Олисе 1970 жылғы мундиальда алты нәтижелі пас берген бразилиялық аңыз Пеле жетістігін жаңартты.
Еске салайық, Франция құрамасы турнирді төртінші орынмен аяқтады. Қола жүлде үшін өткен матчта команда Англияға 4:6 есебімен жол берді.