«Манчестер Сити» Холандтың есімін пайдаланғаны үшін «Реалды» сотпен қорқытты

Фото: Stu Forster/Staff
«Манчестер Сити» мадридтік «Реалға» қарсы сотқа жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұған испан клубы президенттігіне кандидат Энрике Рикельменің сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Эрлинг Холандты сатып алуға уәде беруі себеп болды.
Бұған дейін Рикельме президент атанса, норвегиялық шабуылшының «Реалға» ауысатынын айтқан еді. Осыдан кейін футболшының әкесі Альфи Холанд пен агенті Рафаэла Пимента мұндай сыбыстардың бәрін жоққа шығарды.
– Испанияда таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Оның ықтималдығы нөлге тең. Ойыншы келісімшартында олай ауысуға мүмкіндік беретін ешқандай тармақ жоқ. Біз футболшымыздың имиджін әдейі пайдаға жаратпақ болғаны үшін сотқа жүгіну мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, – деп келтіреді инсайдер Фабрицио Романо «Манчестер Сити» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 жастағы ойыншы өткен маусымда «Манчестер Ситимен» бірге барлық турнирде 52 матч өткізіп, 38 гол соқты және тоғыз нәтижелі пас берді.