«Манчестер Сити» Вальверде үшін ұсыныс әзірлеуде
Бөлісу

Фото: Getty Images
«Реалдың» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін.
Уругвайлық футболшыға «Манчестер Сити» қызығушылық танытып отыр.
El Chiringuito мәліметінше, ағылшын клубының басшылығы 27 жастағы хавбек үшін 90 миллион еуро көлемінде ұсыныс дайындауда. Орельен Тчуаменимен болған келіспеушіліктен кейін уругвайлық ойыншының болашағы белгісіз күйде қалып отыр.
Өткен маусымда Вальверде барлық турнирде 49 матч өткізіп, тоғыз гол соқты және 13 нәтижелі пас берді.
«Манчестер Сити» маусымды 78 ұпаймен турнирлік кестенің екінші сатысында аяқтады. Ал Англия Премьер-лигасының чемпионы атағын бірнеше жылдан кейін алғаш рет Лондондық «Арсенал» жеңіп алды.