«Манчестер Сити» вингері «Тоттенхэмге» ауысуға келісті

Бегасыл Амирбай ··
«Манчестер Сити» ФК

«Манчестер Сити» ФК

Бразилиялық вингер Савиньо «Манчестер Ситиден» кетіп, мансабын «Тоттенхэмде» жалғастыруы мүмкін. 22 жастағы футболшы лондондық клубқа ауысуға келісімін беріп үлгерген.

Фабрицио Романоның мәліметінше, Савиньо клуб басшылығына «Тоттенхэмге» ауысқысы келетінін хабарлаған.

Тараптар арасындағы келіссөздер маусым айының басынан бері жүргізіліп келеді және қазір аяқталуға жақын. Қалғаны мәміленің соңғы шарттарын келісу ғана.

Өткен маусымда Савиньо барлық турнирде 36 матч өткізіп, 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Бразилиялық ойыншының нарықтық құны 35 миллион еуроға бағаланып отыр.