«Ливерпуль» «Манчестер Сити» клубының бұрынғы қорғаушысына қызығушылық танытуда

Фото: EFA
«Ливерпуль» жаңа маусым қарсаңында орталық қорғаушы іздеуді жалғастырып жатыр. Негізгі үміткерлердің бірі ретінде «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысы Джон Стоунз қарастырылуда.
TEAMtalk мәліметінше, «Ливерпуль» осы жазда «Манчестер Ситиден» кеткен еркін агент Стоунзбен келісімшарт жасау мүмкіндігін қарастыруда.
Команданың қорғаныс шебін күшейту қажеттілігі кадрлық қиындықтарға байланысты туындады. Джо Гомес «Сандерлендке» қарсы жолдастық кездесуде жарақат алды, ал Вирджил ван Дейк 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін әлі де демалыста. Сонымен қатар, жаңа ойыншылар Джереми Жаке мен Джованни Леони жарақаттан кейін қалпына келу үстінде.
«Ливерпульдің» бас бапкері Андони Ираола тәжірибелі қорғаушы арқылы құрам тереңдігін арттыруды көздейді. Трансферлік өтемақының болмауы Стоунзды ең тартымды нұсқалардың біріне айналдырып отыр.
Сонымен қатар, ағылшын футболшысы «Арсенал», «Челси» және «Интермен» келіссөздер жүргізіп жатыр. Оған Еуропа клубтары, МЛС және Сауд Арабиясы чемпионатының командалары да қызығушылық танытуда.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатында Стоунз Англия құрамасы сапында алты матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ. Өткен маусымда қорғаушы «Манчестер Сити» сапында барлық турнирде 18 ойын өткізді.