«Манчестер Юнайтед» «Фрайбург» шабуылшысы Матановичті қарастыруда

Бекарыс Әлімхан··
«Фрайбург» ФК

«Фрайбург» ФК

Германияның «Фрайбург» клубында өнер көрсететін шабуылшы Игор Матанович «Манчестер Юнайтедтің» қызығушылығына ілікті. Ағылшын клубы шабуыл шебін күшейтудің түрлі нұсқаларын қарастырып жатыр.

CaughtOffside мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» 23 жастағы хорватиялық форвардтың кандидатурасын талқылаған. Ықтимал трансфердің жүзеге асуы Джошуа Зиркзидің болашағына тікелей байланысты. Матановичке тағы бір ағылшын клубы — «Тоттенхэм» де қызығушылық танытып отыр.

Матанoвич 2025 жылдың жазында «Айнтрахттан» «Фрайбургке» ауысқан. Өткен маусымда хорватиялық шабуылшы барлық турнирде 50 матч өткізіп, 15 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.