«Манчестер Юнайтед» колумбиялық жас футболшымен келісімшарт жасасты

Бекарыс Әлімхан··
«Манчестер Юнайтед» ФК

«Манчестер Юнайтед» ФК

«Манчестер Юнайтед» клубы 18 жастағы колумбиялық жартылай қорғаушы Кристиан Ороскомен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады.

Жақын арада Ороско клуб академиясында бейімделу кезеңінен өтеді. Осыдан кейін оған «қызыл сойқандардың» негізгі құрамымен бірге жаттығуға мүмкіндік берілуі мүмкін.

Англияға ауысқанға дейін жартылай қорғаушы Колумбияның «Форталеза» клубының намысын қорғады. Өткен маусымда ол негізгі команда сапында дебют жасап, Колумбия чемпионатында бес матч өткізді.

Сондай-ақ Кристиан Ороско Колумбияның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында тұрақты түрде өнер көрсетті. «Манчестер Юнайтед» клубы жас ойыншыны ағылшын футболына біртіндеп бейімдеп, оның жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздеп отыр.