«Манчестер Юнайтед» Рафаэл Леауды қатарға қосқысы келеді

Бегасыл Амирбай ··
«Милан» ФК

«Милан» ФК

«Манчестер Юнайтед» клубы «Миланның» вингері Рафаэл Леауды қатарға қосу мүмкіндігін зерттеп жатыр. Ағылшын клубы 27 жастағы португалиялық ойыншының ықтимал трансфері бойынша шарттар туралы ақпарат сұратқан.

Журналист Николо Скираның мәліметінше, Леау енді «Миланның» жоспарында жоқ, ал футболшының өзі де осы жазда клубтан кетуге дайын.

МЮ ойыншының өкілдерімен байланысқа шығып, мәміле жасау мүмкіндігін бағалау үшін қажетті ақпарат алған. Бұған дейін Леаудың құны шамамен 100 миллион еуроға бағаланса, қазір трансфер үшін 50-60 миллион еуро көлеміндегі ұсыныс жеткілікті болуы мүмкін.

Өткен маусымда Леау барлық турнирде 31 матч өткізіп, 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы сапында бір гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті.