Рафаэл Леау мансабын АПЛ-да жалғастыруы мүмкін
Бөлісу

Фото: «Милан» ФК
«Милан» клубының вингері Рафаэл Леау жазғы трансферлік кезеңде италиялық клубтан кетуі мүмкін. Бұл туралы инсайдер Николо Скира хабарлады.
26 жастағы футболшыға ағылшындық «Арсенал» мен «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып отыр. Екі клуб та португалиялық ойыншының жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр. Бұған дейін Леау өзі де командас ауыстырғысы келетінін мәлімдеген еді.
Өткен маусымда вингер «россонери» сапында 31 матч өткізіп, 10 гол соқты және үш нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталының мәліметінше, португалиялық футболшының нарықтағы құны 50 миллион еуроны құрайды.