Өзбекстан құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Канададан жеңілді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: UFA

Фото: UFA

Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Эдмонтонда өткен жолдастық матчта Канадаға 0:2 есебімен жол берді.

Ойын есебі 58-минутта ашылды. Алғашқы голдың авторы Джонатан Осорио болды. Кездесудің соңында Майкл Нелсон алаң иелерінің басымдығын арттырып, матчтың қорытынды есебін тіркеді.

Өзбекстан құрамасы келесі жолдастық кездесуін Нью-Йоркте Нидерланд құрамасына қарсы өткізеді. Ал Канада құрамасы Монреаль қаласында Ирландиямен кездеседі.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Топтық кезеңде Өзбекстан Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасымен ойнайды. Канаданың қарсыластары Қатар, Швейцария, Босния және Герцеговина құрамалары болады.

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Канададан жеңілді – sport-hub