«Манчестер Юнайтед» Колумбия құрамасының қорғаушысына қызығушылық танытуда

Бегасыл Амирбай ··
«Болонья» ФК

«Болонья» ФК

«Манчестер Юнайтед» трансферлік нарықтағы жұмысын жалғастырып, «Болоньяның» орталық қорғаушысы әрі Колумбия құрамасының ойыншысы Джон Лукумиді қатарға қосу мүмкіндігін қарастыруда.

Corriere dello Sport мәліметінше, ағылшын клубы 28 жастағы колумбиялық футболшыға қызығушылық танытып отыр. Ол осы жазда «Болоньядан» кетуі мүмкін. Қорғаушыға туриндік «Ювентус», «Бешикташ» және «Галатасарай» да таласуда.

Майкл Каррик жаттықтыратын команда өткен маусымда сәтті өнер көрсетіп, АПЛ-да үшінші орын алып, Чемпиондар лигасына қайта оралды. Осыдан кейін «Манчестер Юнайтед» құрамды күшейтуді жалғастыруда. Бұған дейін клуб Андрей Сантос, Юри Тилеманс, Карл Дарлоу және Тайнинан Томпсонды сапына қосты.

Өткен маусымда Лукуми «Болонья» сапында барлық турнирде 39 матч өткізді. 2026 жылғы әлем чемпионатында Колумбия құрамасы сапында бес ойынға қатысып, команда 1/8 финалда Швейцариядан (0:0, пенальтиде 3:4) жеңіліп, жарысты аяқтады.

Лукумидің «Болоньямен» келісімшарты 2027 жылдың жазығына дейін жарамды. Әзірге ойыншыға ресми ұсыныстар түскен жоқ.