«Ювентус» «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысын қатарына қоспақ

Бегасыл Амирбай ··
Фото: instagram_zirkzee

Фото: instagram_zirkzee

«Ювентус» жазғы трансферлік кезеңде «Манчестер Юнайтед» пен Нидерланд құрамасының шабуылшысы Джошуа Зиркзені өз қатарына қосуды жоспарлап отыр.

La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, туриндік клуб 24 жастағы шабуылшыны қатарына қосу үшін «Манчестер Юнайтедке» ресми сауал жолдаған. Ал ағылшын клубы футболшы үшін шамамен 40 миллион еуро талап етіп отыр.

2025/26 жылғы маусымда Зиркзе Англия чемпионатында 24 матчқа қатысып, екі гол соқты. Ол «Манчестер Юнайтедке» 2024 жылы «Болоньядан» 42,5 миллион еуроға ауысқан болатын.

Еске салайық, өткен маусымда Италия чемпионатында «Ювентус» 69 ұпай жинап, турнирлік кестеде алтыншы орынға тұрақтады. Жаңа маусымда туриндік клуб Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

«Ювентус» «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысын қатарына қоспақ – sport-hub