«Ювентус» Эндрю Робертсонды қатарға қосуға қызығушылық танытып отыр

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Шотландия құрамасы мен «Ливерпульдің» қорғаушысы Эндрю Робертсон мансабын Италия чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Sky Sports мәліметінше, туриндік «Ювентус» футболшының трансфері бойынша жұмысты бастап кеткен. Сондай-ақ Робертсонға «Тоттенхэм» де қызығушылық танытып отыр. Лондондық клуб ойыншыны қыс мезгілінде де өз қатарына қосуға тырысқан болатын.

Шотландиялық қорғаушының «Ливерпульмен» келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Осыдан кейін ол клубтан еркін агент ретінде кете алады.

Эндрю Робертсон «Ливерпуль» сапында 378 матч өткізіп, 14 гол соқты және 69 нәтижелі пас берді.

Ағылшын клубымен бірге шотландиялық футболшы екі мәрте АПЛ чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын, Англия кубогын, Англия Суперкубогын және екі рет Англия лигасы кубогын жеңіп алған.