«Манчестер Юнайтед» Майкл Кэррикті бас бапкер қызметіне ресми түрде тағайындады

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Манчестер Юнайтед» клубы ресми түрде Майкл Кэррикті команданың бас бапкері қызметіне тағайындады.

Бұған дейін ол бұл қызметте «уақытша міндетін атқарушы» мәртебесімен жұмыс істеді.

«Қызыл сойқандар» команданы келесі маусымда да Кэрриктің жаттықтыратынын хабарлады. Тараптар жаңа келісімшартқа қол қойды. БАҚ мәліметінше, келісім 2028 жылға дейін есептелген.

Кэррик «Манчестер Юнайтедті» Рубен Аморим қызметінен кеткеннен кейін 13 қаңтарда басқарды. Оның бас бапкер ретіндегі алғашқы келісімі 2026 жылдың жазына дейін жарамды болған. 44 жастағы маманның жетекшілігімен манкуниандықтар Англия чемпионатындағы 15 матчтың 10-ында жеңіске жетіп, келесі маусымға Чемпиондар лигасына жолдама алды.