«Манчестер Юнайтед» – «Сабах» матчының бейнешолуы

Бекарыс Әлімхан··
«Манчестер Юнайтед» ФК

«Манчестер Юнайтед» ФК

«Манчестер Юнайтед» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда әзербайжандық «Сабахты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Матч «Олд Траффорд» стадионында өтті. 26-минутта Матеус Кунья есеп ашты. Үзіліске дейін алаң иелері тағы екі гол соқты: 41-минутта Бруну Фернандеш, ал 44-минутта Беньямин Шешко мергендік танытты.

Ойынның соңғы есебін 67-минутта «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Лисандро Мартинес белгіледі. «Сабахтың» қақпасын Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов қорғап, матчты толық өткізді.

Айта кетейік, бұл кездесу «Сабах» үшін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі дебюттік матч болды. Әзербайжандық команда турнирдің жалпы кезеңіне жолдама алған ең жас клуб атанды.

Екінші турда «Манчестер Юнайтед» 14 қазанда сырт алаңда мадридтік «Атлетикомен» кездессе, «Сабах» 13 қазанда өз алаңында чехиялық «Славияны» қабылдайды.