Marvel «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильміне Мессидің қатысуымен жарнама шығарды

Фото: Marvel
Marvel компаниясы Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси қатысқан «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильміне арналған жарнамалық роликті ұсынды.
«Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмінің премьерасына екі аптадан аз уақыт қалды. Фильмнің шығуына орай Marvel басты рөлді Лионель Месси сомдаған жарнамалық бейнеролик жариялады.
Бейнеролик сюжеті бойынша аргентиналық футболшы Өрмекші адамды іздеп кофеханаға кіреді. Алайда суперқаһарманның орнына Питер Паркерді кездестіреді. Сегіз дүркін «Алтын доп» иегерін таныған Паркер Өрмекші адам кейпіне ену үшін асығыс кетіп қалады.
Қазақстанда «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмінің премьерасы 6 тамызда өтеді. Фильм сюжеті «Өрмекші адам: Үйге жол жоқ» оқиғаларынан төрт жыл өткеннен кейінгі Питер Паркердің өміріндегі жаңа кезеңді баяндайды. Кейіпкер жақын адамдары оның бар екенін ұмытқанымен, Нью-Йоркті қылмыстан қорғауды жалғастырады.
Басты рөлдерді тағы да Том Холланд, Зендея және Джейкоб Баталон сомдады. Сонымен қатар актерлік құрамға Марк Руффало (Халк), Джон Бернтал (Каратель) және «Икс адамдары» әлеміндегі мутант Джин Грей рөлін сомдайтын Сэди Синк қосылды.