Маттео Арнальди «Ролан Гарроста» ерекше жетістікке қол жеткізді

Фото: Corinne Dubreuil / ATP Tour
Италиялық теннисші Маттео Арнальди соңғы 29 жылдағы «Ролан Гарростың» ең төмен рейтингке ие жартылай финалисі атанды.
Әлемнің 104-ракеткасы Франция ашық чемпионатының ширек финалында отандасы Маттео Берреттиниді жеңіп, үздік төрттікке жолдама алды. Кездесу Арнальдидің пайдасына 7:5, 5:2 есебімен мерзімінен бұрын аяқталды. Берреттини сан жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.
«Ролан Гарростың» жартылай финалына бұдан да төмен рейтингпен шыққан соңғы теннисші бельгиялық Филип Девулф болған. Ол 1997 жылы әлемдік рейтингте 122-орында тұрып, турнирдің осы кезеңіне дейін жеткен еді.
Ал абсолютті рекорд француз Анри Леконтқа тиесілі. 1988 жылы ол ATP рейтиңінің 200-сатысында тұрғанына қарамастан, Париждегі турнирдің финалына дейін жеткен.
«Ролан Гаррос» – 2026 турнирінің жартылай финалында Арнальди тағы бір отандасы Флавио Коболлимен (ATP №14) шеберлік байқасады.