«Мбаппе мені қорқытпайды»: Кубарси – 2026 жылғы ӘЧ жартылай финалы алдында

Фото: Getty Images
Испания құрамасы мен «Барселона» клубының орталық қорғаушысы Пау Кубарси 2026 жылғы әлем чемпионатының Францияға қарсы жартылай финалы алдындағы күтулерімен бөлісіп, бала кезінен басты футбол жүлдесін жеңіп алуды армандағанын айтты.
«Бала кезімнен өзімді Әлем кубогымен елестететінмін. Қазір мақсатқа өте жақын қалған кезде, бұл арманым одан сайын күшейе түсті. Кейде сол трофейді бір күні басымнан жоғары көтеріп тұрғанымды елестетемін», – деді Кубарси.
Сондай-ақ испаниялық қорғаушы Франция құрамасының көшбасшысы Килиан Мбаппемен болатын жекпе-жек туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, ол шабуылшының шеберлігін құрметтейді, бірақ одан қорықпайды.
«Мбаппе мені қорқытпайды. Оның қаншалықты қауіпті екенін бәрі біледі. Тіпті алаңда ұзақ уақыт байқалмай жүрсе де, бір ғана сәт матч тағдырын шешуі мүмкін. Мен үшін ол Ламин Ямаль сияқты ерекше ойыншы, сондықтан бір сәтке де босаңсуға болмайды», – деп атап өтті қорғаушы.
Франция мен Испания құрамалары арасындағы жартылай финалдық матч 15 шілдеге қараған түні өтеді және Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады. Ширек финалда Франция Марокконы 2:0 есебімен жеңсе, Испания Микель Мериноның 88-минуттағы жеңіс голының арқасында Бельгияны 2:1 есебімен ұтты.