Мбаппенің дубльі Францияға жеңіс сыйлады

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының I тобындағы алғашқы турда Сенегал құрамасы командасын 3:1 есебімен жеңді.

Осы ойында Килиан Мбаппе дубль авторы атанды және әлем чемпионаттарындағы голдар саны бойынша Лионель Месси жетістігін артта қалдырды.

Матч АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өтті. Ойынды австралиялық төреші Алиреза Фагани басқарды.

Мбаппе 66 және 90+6-минуттарда гол соғып, әлем чемпионаттарындағы жалпы көрсеткішін 14 голға жеткізді. Ол бұл нәтижеге небәрі 15 матчта қол жеткізді. Ал Месси әлем біріншіліктерінде 26 матчта 13 гол соққан.

Матчтың 58-минутында даулы эпизод тіркелді: Садио Мане Мбаппені айып алаңында құлатқандай болды, бірақ төреші пенальти белгілемеді.

Екінші турда Франция 23 маусымда Иракпен, ал 26 маусымда Норвегиямен кездеседі.