Басты бет
·
Футбол

Мбаппенің өкілдері «Фенербахчеге» ойыншысын ұсынды

Бекарыс Әлімхан··
«Лилль» ФК

«Лилль» ФК

«Лилль» жартылай қорғаушысы Этан Мбаппе «Фенербахченің» қызығушылығына ілікті.

Инсайдер Экрем Конурдың мәліметінше, француз футболшысының өкілдері оның қызметін Ыстамбұл клубына ұсынған. «Фенербахче» құрамды жасарту жұмыстары аясында Мбаппені қатарға қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Айта кетейік, Мбаппенің «Лилльмен» қазіргі келісімшарты 2027 жылғы 30 маусымға дейін жарамды. Француз футболшысы 2024 жылдың жазында ПСЖ-дан кеткеннен кейін клубқа қосылып, үш жылдық келісімшартқа қол қойған.

19 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда барлық турнирде алты матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Этан — «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппенің інісі. «Лилльге» ауысқанға дейін ол ПСЖ академиясында тәрбиеленді.

Мбаппенің өкілдері «Фенербахчеге» ойыншысын ұсынды – sport-hub