Медальсіз үш финал: Қазақстан жүзушілері Азия ойындарында қалай өнер көрсетті
Бөлісу

Фото: Никита Басов
ойындарында қалай өнер көрсетті Бегасыл Амирбай · 21.09.2026 · 14:54 Фото: Никита Басов Қазақстандық жүзушілер Аити мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында үш финалға қатысты.
Ксения Игнатова 50 метрге арқамен жүзу жарысының финалында 28,55 секунд нәтижесімен сегізінші орын алды. Ал 200 метрге кешенді жүзу финалында да қазақстандық спортшы сегізінші болып, 2 минут 16,13 секунд нәтиже көрсетті.
Глеб Коваленя 50 метрге еркін жүзу финалын жетінші орында аяқтады (22,17 секунд). Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңіндегі нәтижесін 0,17 секундқа жақсартты. Ол алдын ала жарыста 22,34 секунд көрсеткен еді.
Айта кетейік, Аити мен Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.