Қазақстан бадминтоннан Жапониядан жеңіліс тапты
Бөлісу

Фото: Владислав Семенов
Қазақстанның ерлер құрамасы Аити мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында бадминтоннан ширек финалға шыға алмады.
Қазақстандық спортшылар алғашқы кездесуде турнир қожайыны Жапониядан 0:3 есебімен жеңілді. Алғашқы жекелей сында Дмитрий Панарин Коки Ватанабэге жол берді. Кейін Махсут Тәжібуллаев Юси Танакадан, ал Хайтмурат Құлматов Кенте Нисимотодан жеңілді.
Қазақстан құрамасы сапында Артур Ниязов та бар. Алайда жапондар үш жекелей кездесуде жеңісті қамтамасыз еткендіктен, жұптық кездесулерге дейін барудың қажеті болмады.
Алдыңғы екі Азия ойындарында қола жүлде алған Жапония ширек финалда Үндістанмен кездеседі.
Айта кетейік, Аити мен Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.