Азия ойындарындағы камбэк Қазақстан волейболшыларын құтқара алмады

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстан әйелдер волейбол құрамасы Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында 5-8 орындар үшін алғашқы матчта Қытай Тайбэйінен жеңілді.

Кездесу 2:3 (21:25, 23:25, 25:22, 27:25, 10:15) есебімен аяқталды. Асқар Шалқыбеков шәкірттері алғашқы екі партияда қарсыласына есе жібергенімен, кейінгі екі сетте жеңіске жетіп, матчты тай-брейкке жеткізді. Шешуші партияда қазақстандықтар 5:2 есебімен алда тұрған, алайда басымдықты сақтап қала алмады.

Еске салайық, Қазақстан волейболшылары ширек финалда Оңтүстік Кореядан жеңіліп, медаль үшін күресті тоқтатқан еді. 22 қыркүйекте команда турнирдегі соңғы матчында жетінші орын үшін Вьетнам құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары Айти-Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.

Азия ойындарындағы камбэк Қазақстан волейболшыларын құтқара алмады – sport-hub