Қазақстандық 3×3 баскетболшылары Азия ойындарын жеңіс пен қатар жеңіліспен де бастады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстанның 3×3 баскетболдан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жарыс күнін бір жеңіс және бір жеңіліспен аяқтады.

Алғашқы кездесуде қазақстандықтар Шри-Ланканы 17:15 есебімен жеңді. Екінші матчта команда Моңғолиядан 8:13 есебімен жеңілді. 3×3 баскетбол турнирі 21-25 қыркүйек аралығында Нагоядағы Киндзё-футо станциясының маңындағы алаңда өтеді.

Қазақстан А тобында Моңғолия, Шри-Ланка және Филиппин құрамаларымен бірге өнер көрсетеді. Топтық кезеңдегі соңғы матчын қазақстандық баскетболшылар 23 қыркүйекте филиппиндіктерге қарсы өткізеді.

Жарыс форматына сәйкес, төрт топтың жеңімпаздары тікелей ширек финалға шығады. Екінші және үшінші орын алған командалар плей-оффтың қосымша кезеңінде қалған жолдамаларды сарапқа салады.

Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Аичи-Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.