ММА спортшысы Санжар Әділов 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Фото: Владислав Семенов
Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Әділов Нагояда өтіп жатқан аралас жекпе-жек турниріндегі өнерін қола жүлдемен аяқтады.
65 келіге дейінгі салмақта дәстүрлі стильдегі жартылай финалда Әділов Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовтан 0:3 есебімен жеңілді. Жартылай финалда Қазақстанның тағы екі спортшысы — Еркінғали Бүркітәлі (77 келіге дейін) және Қадырбек Шынбаев (71 келіге дейін) өнер көрсетеді.
Айта кетейік, ММА алғаш рет жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді. Турнир 20-22 қыркүйек аралығында Нагоядағы Инаэ спорт орталығында өтеді. Қатысушылар дәстүрлі және заманауи стильдерде алты медаль жиынтығын сарапқа салады. Негізгі айырмашылық спортшылардың киімінде. Дәстүрлі стильде спортшылар кимоно кисе, заманауи стильде шорты мен рашгард киеді.
Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Аичи-Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.