Қазақстанның допты хоккейден әйелдер құрамасы Азия ойындарындағы екі матчтан кейін ұпайсыз қалды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстанның допты хоккейден әйелдер құрамасы Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы топтық кезеңнің екінші матчында Оңтүстік Кореядан жеңілді.

Кездесу 0:7 есебімен аяқталды. Қазақстандықтар қатарынан екінші матчта да бірде-бір гол соға алмады. Бұған дейін олар Малайзиядан 0:5 есебімен жеңілген болатын. Екі ойыннан кейін құраманың еншісінде ұпай жоқ, голдар айырмасы — 0:12.

23 қыркүйекте Қазақстан Қытай Тайбэйімен кездеседі, 25 қыркүйекте Бангладешпен ойнайды, ал 27 қыркүйекте топтық кезеңді Қытайға қарсы матчпен аяқтайды.

Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Аичи-Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.