Қазақстандық мергендер Азия ойындарында жүлдесіз қалды

Фото: Нургали Жумагазы
Қазақстанның ерлер арасындағы оқ атудан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында 10 метр қашықтыққа пневматикалық винтовкадан жарысты жүлдесіз аяқтады.
Командалық есепте үш спортшының біліктілік кезеңіндегі нәтижелерінің жиынтығы есепке алынды. Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин және Константин Малиновский 1871,4 ұпай жинап, 13 құраманың арасында жетінші орынға ие болды.
Қытай құрамасы 1899,0 ұпай жинап, әлемдік рекорд орнатып, алтын медаль жеңіп алды. Үндістан 1890,1 ұпаймен екінші, ал Оңтүстік Корея 1884,2 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Жеке есепте Қазақстан спортшылары финалға өте алмады. Сәтпаев біліктілік кезеңін 24-орында аяқтаса, Шахторин 26-орын, Малиновский 29-орын алды.
Айта кетейік, Сәтпаев – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол Александра Ле екеуі аралас командалық жарыста жүлдеге ие болды. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде қазақстандық жұп Германия құрамасын 17:5 есебімен жеңіп, ел қоржынына 1996 жылдан бергі оқ атудан алғашқы Олимпиада медалін салды.
Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Айти-Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.