ММА спортшылары Азия ойындарының финалына шығып, Қазақстанға күміс медальді кепілдеді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Владислав Семенов

Фото: Владислав Семенов

Қазақстандық спортшылар Қадырбек Шынбаев пен Еркінғали Бүркүтәли Аичи мен Нагоядағы Азия ойындарының алтыны үшін күреседі.

Шынбаев 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде заманауи стильдегі жартылай финалда Өзбекстан өкілі Нодирбек Шавкатовты жеңді. Ал Бүркүтәли 77 келіге дейінгі салмақта дәстүрлі стильдегі финалға филиппиндік Карлос Альваресті жеңіп шықты.

Бұған дейін Санжар Әділов 65 келіге дейінгі салмақта дәстүрлі стильде өнер көрсетіп, қола медаль иеленген болатын. Осылайша, қазақстандық спортшылар Азия ойындарында ММА бойынша алғаш рет өткен турнирде құрамаға үш медальді кепілдеді.

Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Аичи–Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.

ММА спортшылары Азия ойындарының финалына шығып, Қазақстанға күміс медальді кепілдеді – sport-hub