Қазақстандық жүзуші Азия ойындарында екі финалда медаль үшін таласады
Бөлісу

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстан өкілі Ксения Игнатова Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында екінші финалдық жолдамасына ие болды.
200 метрге кешенді жүзуден іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы 2 минут 14,94 секунд нәтиже көрсетті. Бұл нәтиже іріктеуге қатысушылар арасында бесінші болып, оған медаль үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.
Бұған дейін Игнатова 50 метрге арқамен жүзу сайысында да іріктеуден өткен еді. Осылайша, қазақстандық спортшы екі финалдық жарыста өнер көрсетеді.
Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Аичи-Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.