Басты бет
·
АО-2026

Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының ширек финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Арлан Олжабай

Фото: Арлан Олжабай

Мейіржан Шермаханбет Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы грек-рим күресі турнирін жеңіспен бастады.

67 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы белдесуінде қазақстандық балуан ирандық Мохаммад Резаимен кездесті. Шермаханбет 14:5 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Шермаханбет — Азия ойындарының қазіргі күміс жүлдегері. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен додада финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде жапониялық Кацуки Эндодан жеңілді. Қазақстандық балуанның қоржынында 2018 жылғы әлем чемпионатының қола медалі және 2022 жылғы Азия чемпионатының алтыны бар.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының ширек финалына шықты – sport-hub