Мексика - ОАР: 2026-ӘЧ алғашқы ойынын Winline-нан көруге болады

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Мексика ұлттық құрамасы мен Оңтүстік Африка Республикасы ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчын өткізеді.

Турнирдің ашылу кездесуі 11 маусымнан 12 маусымға қараған түні Ацтека стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Кездесудің тікелей трансляциясын қазақстандық жанкүйерлер Qazsport телеарнасынан және Winline қосымшасы арқылы көре алады.

Бір қызығы, бұл құрамалардың соңғы ресми кездесуі 2010 жылғы әлем чемпионатында өткен болатын. Сол матчта командалар жеңімпазды анықтай алмай, 1:1 есебімен тең тарқасқан.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты бірнеше тарихи ерекшелігімен есте қалмақ. Турнир тарихында алғаш рет үш мемлекет - Канада, АҚШ және Мексика қабылдайды. Сонымен қатар қатысушылар саны 48 ұлттық құрамаға дейін ұлғайтылды. Чемпионат 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.