«Мен сенімен сөйлесіп тұрмын»: Рыбакина WTA қорытынды турнирі алдында бапкеріне қатқыл сөйледі

Фото: Getty Images
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріне дайындық кезінде жанкүйерлердің назарын аударды.
Қазақстандық теннисшінің жаттығуы барысында бапкері Стефано Вуковпен сөйлескен сәті тікелей эфирге түсіп қалған.
Желіде тараған видеода Рыбакина хорватиялық маманға қатқыл үнмен:
«Осында тұр, мен сенімен сөйлесіп тұрмын», – дейді.
Әлеуметтік желі қолданушылары тағы бір сәтті қызу талқылап жатыр. Бейнежазбада Вуков теннисшіге сағат бергені, ал Рыбакинаның оны орындыққа лақтырып жібергені айтылуда.
Бұл жағдай турнир қатысушыларының ашық микрофондарға наразылығы аясында болды. Бұған дейін Джессика Пегуланың Мирра Андреева мен оның бапкері Кончита Мартинес туралы айтқан сөздері эфирге тарап кеткен еді. Кейін WTA спортшыларға әңгімелерінің жазылып жатқанын алдын ала ескертпегені үшін кешірім сұрады.
Еске салайық, WTA қорытынды турнирі 8–15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.
Елена Рыбакина 8 қарашада чехиялық Линда Носковаға қарсы кездесумен титулын қорғауды бастайды. Сондай-ақ оның тобында америкалық Кори Гауфф пен Джессика Пегула өнер көрсетеді.
Топтық кезеңдегі үш матчтың қорытындысы бойынша үздік екі теннисші жартылай финалға жолдама алады.