Басты бет
·
Футбол

Месси «Интер Майамиге» жеңіс сыйлады

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Интер Майами» MLS тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда «Нью-Инглэнд Революшнды» жеңіп, үш ұпай еншіледі.

Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаз команда сапында Лионель Месси екі голдың да соғылуына тікелей үлес қосты.

Бірінші таймда командалар есеп аша алмады. Ал 53-минутта Даниэль Газдаг алаң иелерін алға шығарды. Алайда «Нью-Инглэнд Революшн» басымдығын сақтап қала алмады.

Кездесудің тағдырын Месси шешті. 69-минутта аргентиналық футболшы Херман Бертерамеге нәтижелі пас берсе, 83-минутта өзі мергендік танытып, «Интер Майамиге» жеңіс сыйлады.

MLS. Тұрақты чемпионат

«Нью-Инглэнд Революшн» – «Интер Майами» – 1:2.

Голдар: Газдаг (53), Бертераме (69), Месси (83).

Осы жеңістен кейін Майами клубы 59 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Ал «Нью-Инглэнд Революшн» 58 ұпаймен үшінші сатыға жайғасты.

Тұрақты чемпионаттың соңғы турында, 8 қараша күні Месси бастаған команда өз алаңында «Шарлотты» қабылдайды. Сол күні «Нью-Инглэнд Революшн» сырт алаңда «Орландо Ситимен» кездеседі.