Басты бет
·
Футбол

Лионель Месси Испанияда беделді халықаралық марапатқа ие болды

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Интер Майами» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси жетістіктер қоржынына тағы бір беделді марапат қосты. «Алтын допты» сегіз рет иеленген футболшы 2026 жылғы спорт саласындағы Астурия ханшайымы сыйлығының лауреаты атанды. Бұл жолы 39 жастағы ойыншы алаңдағы жетістіктері үшін ғана емес, қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін де марапатталды.

Салтанатты рәсім 23 қазанда Испанияның Овьедо қаласындағы Кампоамор театрында өтті. Месси Испанияға сапары кезінде өзіне серік болған жұбайы Антонелла Рокуццомен бірге келді.

Марапаттарды ресми түрде табыстау рәсіміне дейін аргентиналық футболшы Астурия ханшайымы Леонормен кездесті. Испания тағының мұрагері тарихи «Реконкиста» қонақүйінде өткен қабылдау барысында футболшыға лауреаттың естелік белгісін жеке өзі табыстады.

Кейін Месси Кампоамор театрының сахнасына көтеріліп, жиналғандардың қошеметімен марапатты қабыл алды.