Басты бет
·
Футбол

Месси «Алтын доп» рәсіміне қатыспауы мүмкін

Али Асетов··
«Интер Майами» ФК

«Интер Майами» ФК

Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси 26 қазанда Лондонда өтетін беделді футбол жүлдесін табыстау рәсіміне қатыспауы мүмкін.

Diario SPORT басылымының мәліметінше, «Интер Майами» клубының 39 жастағы шабуылшысы әзірге Ұлыбританияға бару-бармау туралы шешім қабылдамаған. Аргентиналық футболшының кестесі өте тығыз. Қысқа уақыт ішінде бірнеше ұзақ әуе сапарын жасау қажеттігі де оған кедергі болып отыр.

22 қазанда Месси Испанияның Овьедо қаласына Астурия ханзадасының спорт саласындағы сыйлығын алу үшін барған. Марапаттау рәсімі 23 қазанда Кампоамор театрында өтеді. Ал келесі күні «Интер Майами» MLS тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда «Нью-Йорк Ред Буллз» командасымен кездеседі. Месси Лондонға бару туралы шешімді осы матчтан кейін ғана қабылдауы мүмкін.

Айта кетейік, «Алтын доп» марапатын табыстау рәсімі 26 қазанда Лондондағы London Palladium театрында өтеді. Бұл — марапат тарихында алғаш рет Ұлыбритания астанасында ұйымдастырылатын салтанатты кеш. Биыл жүлденің табысталып келе жатқанына 70 жыл толады. Алғашқы марапат 1956 жылы берілген.

Месси биылғы «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының қатарына енген. Жүлдеге басты үміткерлер қатарында Мюнхеннің «Бавария» клубының шабуылшысы Гарри Кейн мен «Барселонаның» вингері Ламин Ямаль да бар. Аргентиналық футболшы сегіз рет «Алтын доп» жеңіп алып, бұл көрсеткіш бойынша рекорд орнатқан.

Месси «Алтын доп» рәсіміне қатыспауы мүмкін – sport-hub