Басты бет
·
Футбол

Мессидің голы «Интер Майамиді» жеңілістен құтқара алмады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@centregoals

Фото: x_@centregoals

«Интер Майами» MLS тұрақты чемпионаты аясындағы матчта «Коламбус Крюден» 1:2 есебімен жеңілді. Лионель Месси командасының жалғыз голын айып добынан соқты.

«Коламбус» 28-минутта есеп ашты. Хосеф Мартинес пенальтиді дәл орындады. Араға бес минут салып, Месси есепті теңестірді. Аргентиналық футболшы өткір бұрыштан айып добын орындап, допты қақпа маңдайшасының астынан дәл түсірді. Бұл Мессидің MLS-тегі осы маусымдағы 21-ші голы болды. Ол чемпионаттың үздік сұрмергендері жарысында көш бастап келеді.

Қосымша уақытта «Интер Майами» ойыншысы Сантьяго Моралес екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал 90+8-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Джамал Тьяре Рокко Риос Новоның сейвінен кейін қайтқан допты тиімді пайдаланып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.

«Интер Майами» үшін бұл MLS-тегі қатарынан бесінші жеңіссіз матч болды. Бұған дейін команда «Атлантамен» (2:2), «Чикаго Файрмен» (1:1), «Нэшвиллмен» (2:2) және «Сан-Диегомен» (2:2) тең түскен еді. 27 матчтан кейін клуб 46 ұпаймен Шығыс конференциясында үшінші орында тұр.

«Интер Майами» чемпионаттағы келесі матчын 10 қазанда өз алаңында «Ди-Си Юнайтедке» қарсы өткізеді. Сол күні «Коламбус» сырт алаңда «Орландо Ситиге» қарсы ойнайды.

Мессидің голы «Интер Майамиді» жеңілістен құтқара алмады – sport-hub