Басты бет
·
Футбол

Мессидің 930-голына шолу

Бекарыс Әлімхан··
«Интер Майами»

«Интер Майами»

«Интер Майами» MLS тұрақты чемпионатында қатарынан төртінші рет тең ойнап, өз алаңында «Сан-Диегомен» 2:2 есебімен ұпай бөлісті.

12-минутта Андерс Дрейер қонақтарды алға шығарды. 24-минутта Лионель Месси айып добын тікелей орындап, есепті теңестірді. Үзілістен кейін Родриго Де Паульдің пасынан кейін Луис Суарес гол соғып, алаң иелерін алға шығарды. 82-минутта Дрейер дубль жасап, матчтағы соңғы есепті белгіледі.

Месси үшін бұл гол кәсіби мансабындағы 930-шы және осы маусымдағы тұрақты чемпионаттағы 20-шы голы болды. Аргентиналық футболшы MLS тарихында қатарынан үш маусымда кемінде 20 гол соққан екінші ойыншы атанды. Бұған дейін мұндай көрсеткішке «Лос-Анджелес» командасының ойыншысы Денис Буанга қол жеткізген.

«Интер Майами» чемпионаттағы соңғы төрт матчта төрт ұпай жинады. Ал «Сан-Диего» қатарынан үш жеңілістен кейінгі сериясын үзді. Матчтан кейін Флорида командасының еншісінде 46 ұпай, ал калифорниялықтардың еншісінде 31 ұпай бар.

«Интер Майами» келесі матчын 28 қыркүйекте сырт алаңда «Коламбус Крюге» қарсы өткізеді. «Сан-Диего» алдағы турда «Остинмен» ойнайды.

Мессидің 930-голына шолу – sport-hub