Басты бет
·
Хоккей

Михаил Кравец Хантер Шепардтың «Барыстан» кету себебін түсіндірді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Астаналық «Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец америкалық қақпашы Хантер Шепардтың командадан кетуі мүмкін екенін растады.

Бұған дейін елордалық клуб Челябінің «Трактор» командасынан ресейлік қақпашы Дмитрий Николаевты қатарына қосқан болатын. Осы трансферден кейін Шепардтың болашағына қатысты сұрақтар туындады.

Кравецтің айтуынша, қақпашыға қатысты түпкілікті шешім клубтың ресми ақпарат көздерінде жарияланады. Дегенмен бапкер америкалық хоккейшінің командада қалу мүмкіндігі төмен екенін аңғартты.

«Мен Хантердің осында жақсы ойнап, өзін көрсеткенін қатты қаладым. Оған бірінші нөмірлі қақпашы рөлі берілген еді. Өкінішке қарай, ол өзіне берілген мүмкіндікті пайдалана алмады», – деді Кравец «Барыстың» баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Биылғы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) маусымында Шепард 13 матчқа қатысып, төрт жеңіске жетті. Оның біреуінде қақпасына шайба жібермеген.

Еске салайық, 12 қарашада «Барыс» өз алаңында Владивостоктың «Адмиралын» 4:2 есебімен жеңіп, қатарынан үш жеңілістен тұратын сериясын тоқтатты.

25 матчтан кейін астаналық клубтың еншісінде 27 ұпай бар.

Михаил Кравец шәкірттері келесі кездесуін 15 қарашада Магнитогорскінің «Металлург» командасына қарсы өткізеді. Астанадағы матч Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады.