Басты бет
·
АО-2026

Милад Карими Жапониядағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Али Асетов··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді.

Еркін жаттығулардың финалында Карими өз бағдарламасын орындап, төрешілерден 14,600 ұпай алды. Бұл нәтиже қазақстандық спортшыға тұғырдың екінші сатысына көтерілуге мүмкіндік берді.

Жарыс жеңімпазы Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юло атанды. Оның өнері 14,666 ұпайға бағаланды. Осылайша, алтын мен күміс жүлденің арасындағы айырмашылық небәрі 0,066 ұпай болды.

Қола медальді 14,566 ұпай жинаған жапониялық гимнаст Сэма Цукияма иеленді.

Айти мен Нагоядағы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 35 спорт түрінен 558 спортшы ел намысын қорғайды.