Басты бет
·
АО-2026

Әлем чемпионы Балқыбекова Азия ойындарын жеңіспен бастады

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Алуа Балқыбекова Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы бокс турнирінің алғашқы кезеңінен өтті. Қазақстандық спортшы 51 келіге дейінгі салмақта жүлде үшін күресін жалғастырады.

1/8 финалда Балқыбекованың қарсыласы Үндістаннан келген Сакши болды. Тартысты жекпе-жектен кейін төрешілер жеңісті бөлінген шешіммен (3:2) қазақстандық боксшыға берді. Балқыбекова келесі кезеңде ширек финалда өнер көрсетеді. Оның жартылай финалға шығу жолындағы қарсыласы кейін анықталады.

Қазақстандық боксшы Азия ойындарына қазіргі әлем чемпионы мәртебесінде келді. 2025 жылдың қыркүйегінде Балқыбекова Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп, финалда түркиялық Бусе Наз Чакыроглуды жеңді. Бұл оның әлем чемпионатындағы екінші чемпиондық атағы болды.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.