Қазақстандық атқыш Азия ойындарында бесінші орын алды

ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасының өкілі Валерий Рахимжан Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 10 метрге пневматикалық тапаншадан атудан үздік бестікке енді.
Финалда қазақстандық спортшы 177,6 ұпай жинап, жарысты бесінші орынмен аяқтады. Ал біліктілік кезеңінде Рахимжан төртінші нәтиже көрсетіп, шешуші кезеңге жолдама алған.
Азия ойындарының чемпионы атанған өзбекстандық Владимир Свечников 244,3 ұпай жинады. Күміс жүлдені 243,0 ұпаймен қытайлық Ху Кай иеленсе, оның отандасы Бу Шуайхан 222,1 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Рахимжан мен Свечников бұған дейін 2026 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатының финалында кездескен. Сол жарыста да өзбекстандық спортшы алтын, ал қазақстандық атқыш күміс медаль жеңіп алған.
Азия ойындарының біліктілік кезеңінде Кирилл Федькин 33-орын, Эльдар Иманкулов 57-орын алды. Ал командалық есепте Қазақстан оныншы орынға тұрақтады.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.