Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық шпажшы Азия ойындарында сәтті өнер көрсетуде

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Кирилл Проходов Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында семсерлесуден кем дегенде қола медаль алатынына кепілдік берді.

Ширек финалда қазақстандық шпажшы Қытай өкілі Лань Минхаомен кездесті. Проходов 15:7 есебімен сенімді жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Оның қарсыласы – Азияның екі дүркін чемпионы.

Бұған дейін 1/8 финалда Проходов Қытай Тайбэйінің өкілі Илу Гастон Гийемоны 15:14 есебімен жеңген еді. Жартылай финалға шығуы қазақстандық спортшыға Азия ойындарының кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті.

Шілде айында Проходов Руслан Құрбанов, Ерлік Сертаев және Вадим Шарлаимовпен бірге командалық шпагадан әлем чемпионы атанды. Гонконгта өткен әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Украинадан 45:40 есебімен басым түсіп, осы спорт түрінен әлем чемпионатының алтынын тарихта алғаш рет жеңіп алды.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.