Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық ауыр атлет Азия ойындарында бесінші орын алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Арлан Олжабай

Фото: Арлан Олжабай

Қазақстан құрамасының өкілі Өтепберген Әлиев Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы ауыр атлетика жарысында үздік бестіктен көрінді.

Әлиев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 153 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 280 келі жинап, бесінші орынға ие болды.

Алтын медальды 304 келі (138+166) нәтижесімен Қытай өкілі Ян Ян жеңіп алды. Солтүстіккореялық Пан Ун Чхоль 301 келі (127+174) нәтижесімен екінші орын алса, қола жүлде 299 келі (126+173) көтерген Таиланд өкілі Тхирапонг Силачайға бұйырды.

Айта кетейік, Азия ойындарында ауыр атлетикадан жүлделер тек қоссайыс қорытындысы бойынша сарапқа салынады.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.