Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық баскетболшылар Азия ойындарының плей-офф кезеңінде Сингапурдан жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Қазақстанның әйелдер құрамасы 3х3 баскетболдан Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарысын аяқтады.

1/8 финалда Қазақстан сапында Карина Юлдашева, Шұғыла Кемел, Дильназ Еркебай және Сымбат Қыдырали өнер көрсетті. Кездесуде Сингапур құрамасы 14:11 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан А тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алған еді. Топтық кезеңде команда алғашқы матчта Қытайдан 12:18 есебімен жеңіліп, кейін Шри-Ланканы 21:8, Катарды 17:8 есебімен жеңді.

Сингапурдан жеңілгеннен кейін Қазақстан құрамасы турнирдің жүлделері үшін күресін тоқтатты.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.